Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Оранғай ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекенінде электрмен жабдықтау құрылысының басталуымен танысты.
Аталған нысан Бостандық елді мекенін сапалы және тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Жобаның тапсырыс берушісі — Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. Құрылыс жұмыстарын «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Техникалық қадағалаушы — «AveNiu» ЖШС, ал авторлық қадағалаушы ретінде «Оңбестпроект» ЖШС белгіленген.
Жоба толық аяқталғаннан кейін елді мекен тұрғындары үшін тұрақты және сапалы электр энергиясына қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Аудан әкімі құрылыс барысымен танысып, мердігер мекемеге сапа мен мерзімділік бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1013228?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау