ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық акциясына қалаға қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді атсалысты. Жалпы саны 950-ге жуық адам қала аумағын тазарту жұмыстарына қатысып, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында 12 арнайы техника жұмылдырылып, шөп шабу, аяқжолдарды сыпыру, қоқыс жинау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 25 тоннадан аса тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары шығарылды.
Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп, өңір экологиясын жақсарту жолында жүйелі түрде жұмыс атқаруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1012928?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version