МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Рәміздер алаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді.
Шара басында мемлекеттік Гимніміз орындалып, жиналған көпшілікті аудан әкімі Мажит Самитов құттықтап, мерекенің маңыздылығына тоқталды.
 
– “Көк Ту астында берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз нығайып, жемісті жетістігіміз жігер беріп, Гимніміз әлем алдында шырқалып, Ұлы Дала елі екенімізді ұлықтап келеміз. Ұлттық Туымызды Әлем және Азия біріншіліктерінде биіктерге көтеріп, ауданның абыройын асқақтатқан біздің жаңақорғандық спортшыларымыз да жетерлік.
 
Бұл – біз үшін, әрбір қазақстандық үшін үлкен мақтаныш, ұлы бақыт деп білемін. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!” – деді аудан әкімі.
 
Айтулы күні Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға үлес қосқан бірқатар сала мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, жаңадан қызметке орналасқан мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады.
 
Сондай ақ, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1011619?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version