Өңірде көктемгі дала жұмыстары аяқталып келеді. Биыл егіс жұмыстары жалпы көлемі 620,6 мың гектар алқапта жүргізілуде.
Ауа–райы қолайлы болса, егіс науқаны алдағы екі-үш күнде аяқталады деп күтілуде.
Диқандардың жұмысында іркіліс болмасы үшін 6,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін отын құнының бір литрі 253 теңгені құрады, бұл нарықтық бағадан 15% – ға төмен. Жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде үзілістер жоқ.
Сонымен қатар, жыл басынан бері шаруалар 6,5 млрд теңгеге 504 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Оның ішінде 192 трактор, 10 комбайн және 302 өзге де техника. Қазір өңірдегі машина-трактор паркінің жаңаруы 2,5%-ті құрады.
Облыстың аграрлық секторы тұрақты түрде оң динамиканы көрсетіп отыр, ал егіс науқанының барысы жергілікті шаруашылықтардың дайындығы мен ұйымдастырылуы деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
***
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1013104?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау