Қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және мұсылман қауымының басы қосылып үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында «құдайы тамақ» беру ұйымдастырылатын кезеңі. Осындай іс – шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері төмендегі талаптарды сақтауын ұсынады:
Мал сату, сою бекеттерінде:
– құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен союды арнайы орындарда және әрбір жануарлардың тиісті ветеринарлық құжаттары (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асыру;
– мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақтау (ауыз су, лас су жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтардың уақтылы залалсыздандырылып, шығару;
– қызметкерлердің медициналық тексеруден өту және медициналық кітапшаларының болуы, жеке бас гигиенасын сақтау қажет.
Үй жағдайында:
– қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;
– тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыру;
– шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алу;
– үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15 – 20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
– ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай – ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет, сақтау талабы бұзылса, келесі күні пайдаланбау;
– терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай -ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау.
Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде:
– ауыз су, ыстық су, лас су жүйелерімен, түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға арналған раковиналар, қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталу қажет;
– желдету және (немесе) ауа баптау жүйелерінің көзделуі;
– терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай – ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмейді.
– қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық – түлік (тағамдық) шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясының қабылдау, сақтау, тасымалдауының қадағалануы және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алу керек;
– үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін қоғамдық тамақтану орнында, мешіттерде пайдаланбау;
– тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуін, олардың тоңазытқышта сақтау қажет;
– азық – түлік (тамақ) шикізаты мен дайын тамақ өнімдерін (ет, құс еті, балық, көкөнiстер, аскөк, ет, сүт өнімдерін, нан және нан – тоқаш бұйымдары, кондитерлік бұйымдар) бөлшектеу үшін өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес, әріпті және (немесе) түрлі – түсті таңбалауды пайдаланып таңбаланған жеке бөлшектеу мүкәммалдары (бөлшектеу тақтайшалары, пышақтар) мақсаты бойынша пайдалану керек;
– жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялау оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылу керек;
– тамақ қалдықтарын жинауға арналған жарамды жағдайдағы бөлек контейнерлер (жабылатын сыйымдылықтар), оларды тазалауды, жууды және жануарлардың кіруінен қорғауды қамтамасыз ететін, қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған шаруашылық алаңының көзделу қажет;
– персоналдың арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі мен жеке бас гигиенасын сақтау жағдайы болу керек;
– медициналық тексеріп – қараудан, гигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының жұмыс орнында сақталу керек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1013153?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау