Құрметті қазақстандықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл қасиетті күн – мейірімділік пен жанашырлықты, рухани тазаруға ұмтылысты және адамгершілік құндылықтарды нығайтуды білдіреді. Осы күндері өзгеге қол ұшын беру, жанашырлық таныту және көмекке мұқтаж жандарды қолдау ерекше мәнге ие.

Құрбан айттың басты құндылықтары – адам қадір-қасиетін құрметтеу, әділеттілік, мейірім мен ынтымақ – адам құқықтарының негізгі қағидаттарымен үйлеседі. Әр адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау – әділ әрі ізгі қоғам құрудың берік негізі.

Бұл жарқын мереке әрбір шаңыраққа бақ-береке, татулық, қуаныш пен жылылық әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, амандық пен игілік тілеймін!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Артур Ластаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1013344?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version