Рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД жеке құрамы еліміздегі ең маңызды мереке – Рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шараны Қазақстан Республикасының Туын көтерумен және Әнұран шырқаумен бастады.

Салтанатты мерекеде Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Азамат Аманжолов жеке құрамды Рәміздер күнімен құттықтап, игі тілек арнады.

Штаб бастығы Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимнге құрметпен қараудың қазақстандық мемлекеттілік пен ұлттық сананың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен маңызы жайлы баяндап, Қазақстан тарихынан қызықты деректер келтірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1013162?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version