Шардара аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Қазақстан балалары» атты кең көлемді мерекелік іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді мерекемен құттықтап, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, дарынды және білімді оқушыларды ынталандыру болды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Туребеков, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ержан Нурахов, аудандық білім бөлімінің бас маманы Мұрат Мырзабасов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гаухар Шамеева, Оқушылар үйінің директоры Сапаркүл Жиенбаева, сондай-ақ ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Қонақтар жаңадан ашылған оқу сыныптарын аралап, оқушылардың сурет және қолөнер көрмелерімен, сондай-ақ балалар арасындағы спорттық эстафета, шахмат және тоғызқұмалақ ойындарымен танысты.
Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Туребеков және «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Е.Бекет құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік шара барысында оқушылар үйі мен саз мектебінің балалары өз өнерлерін паш етіп, шаттыққа толы көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында балаларға балмұздақтар таратылды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1011413?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау