Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрбан айт — халқымыз үшін ерекше мейрам, ол ізгілікке, мейірімділікке, жанашырлық пен адамгершілікке негізделген.
Бұл қасиетті мерекеде мұсылмандар мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, қайырымды істер жасап, бір-біріне жүрекжарды тілектерін білдіреді.
Құрбан айттың асыл мұраттары — рухани құндылықтарымызды, ел ішіндегі келісім мен бірлікті, тұрақтылықты нығайта түсетіні белгілі.
Әрбір қазақстандық отбасына бейбіт өмір, ізгілік, өзара түсіністік, зор денсаулық, бақ-береке және мол бақыт тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1013285?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау