Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам: заңдылықты қорғаудағы «Қала құрылысы кеңесі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Заң мен Тәртіп” қағидатын ілгерілету және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті “Қала құрылысы кеңесі” қоғамдық бірлестігінің тұсау кесеріне қатысты. Ұйымның құрылтайшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Қайырденова Нұргүл Аментайқызы болды.

ҮЕҰ қызметінің негізгі мақсаты-заңсыз құрылысқа қарсы іс-қимыл жасау, күмәнді тендерлік рәсімдерді анықтау және болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қала құрылысы саласындағы заңнамасында көзделген нормалармен талаптардың бұзылуының жолын кесу.

Осындай ұйымдарды құру азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге белсенді тартуға және сәулет және құрылыс саласындағы ашықтықты нығайтуға ықпал етеді.

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

 

#заңсыз_құрылыс

#Сыбайлас_жемқорлыққа_қарсы_волонтёр

 

 

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/1013192?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version