2025 жылғы 8 маусымда Қонаев қаласында 2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты бастау алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 8 маусымда Қонаев қаласындағы «HOME CLUB» демалыс аймағының футбол алаңында 2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты бастау алды. Аталған біріншілікке еліміздің облыстары мен ірі қалаларынан 14 команда қатысуда. 

Ойындар бірнеше кезең бойынша өткізіледі. Командалар алдын ала іріктеу топтарына бөлініп, әр топта айналмалы жүйе бойынша ойындар өткізеді. 

Аталған чемпионат ағымдағы жылғы16 маусым күні аяқталады. Жеңімпаз және жүлдегер командалар тиісті марапаттарымен және медальдармен марапатталып, финалдық кезеңге жолдама алады.

Жалпы саны 280 жас спортшыны қамтитын бұл чемпионат – жасөспірімдер арасындағы футболды дамытуға, жас таланттарды анықтап, болашақ кәсіби спортшылардың қалыптасуына ықпал етуге бағытталған маңызды спорттық іс-шара болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-sport/press/news/details/1013700?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version