«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында «Рухты сез, үндестікті тап» ұранымен өткен фестивальдің екінші күні қала тұрғындарына ерекше әсер сыйлады. Сахнада Black Thai резиденті DJ URAN түрлі заманауи ремикстерді ұсынып, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Ал граффити шебері Ермағанбет Раджапов ұлттық нақыштағы туындысын көрермен көз алдында бейнеледі.
Кештің шарықтау шегінде «Абырой» және «Алашұлы» топтары ұлттық өнер мен заманауи бағытты үйлестіре отырып,
Каспий жағалауын рухты әндерімен тербетті. Бұл фестиваль тек мерекелік шара емес, рухты оятқан, жүректі тербеткен, ұлтты жаңғыртқан өткен мен келешекті жалғаған мәдени көпірге айналды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1014069?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау