Ағымдағы жылдың 5 маусымында Ақмола облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде “Ашық есік күні“ акциясы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізілді.
Азаматтарды қабылдауды Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімдерінің өкілдері жүргізді. Қызықтырған сұрақтарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және азаматтардың қанағаттану деңгейі мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартудың тиімділігі мақсатында Департамент түсіндіру іс-шараларын жүргізу бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1013701?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау