Астанада «Сарыарқа» СОО артындағы көше уақытша жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Сарыарқа» СОО артындағы жолда (68-көше) орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Осыған байланысты, 9-13 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Автокөлік қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1013723?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version