Атырау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында «Atazan_azamat_kz» республикалық челленджі аясында ҚР азаматының жеке куәлігін ресми түрде табыстау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Атырау қаласы полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 16 жасқа толған, оқу озаты, сондай-ақ спорт саласында жетістікке жеткен үздік оқушыларға жеке куәліктерін салтанатты түрде табыс етті.
Бұл рәсім — жасөспірімдер үшін ресми құжат алудың жай кезең емес, ерекше, есте қаларлық және шабыт беретін оқиғаға айналуына себеп болды. Шара барысында азаматтық жауапкершілік, Отанға деген сүйіспеншілік және заңға деген саналы көзқарас туралы терең ой қозғалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1014115?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау