«Заң мен тәртіп» қағидаты және «Полиция тазалық үшін» акциясы аясында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар, қоршаған ортаны қорғауға да белсенді түрде атсалысуда.
Сенбілік барысында департамент ұжымы мекеме аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, ағаштарға су құйып, аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл игі шара – республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау көрсету әрі салауатты экологиялық ортаны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Атырау облысы полиция департаменті жыл сайын ұйымдастырылатын сенбіліктерге ұжым болып қатысып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, тәртіп сақшылары өз үлгілерімен тұрғындарды табиғатты аялауға шақырады.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1014127?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау