Прокуратура Конституциялық Соттың нормаларын түсіндіруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес конституциялық іс жүргізу Конституцияның үстемдігі қағидаты негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының аумағында Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етеді.

Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

Прокуратура органдарының конституциялық мәртебесі мен мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын ескере отырып, жоғарғы қадағалау органына заңдарды бұзуға жол бермеуге бағытталған заңнама талаптарын түсіндіру міндеті жүктелген.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығы аясында Біржан сал ауданының прокуратурасы Конституциялық Соттың құқықтық актілері талаптарын жергілікті органдарға жеткізу жұмысын күшейтті.

Тиімділікті арттыру мақсатында, ағымдағы айда Біржан сал ауданының прокуроры А.Қ. Құлышев жергілікті полиция бөлімі мен Степняк қаласы әкімдігінің қызметкерлерімен жеке және көшпелі кездесулер өткізіп, Конституциялық Соттың №70 және №71 нормативтік қаулыларының ережелерін түсіндірді.

Мемлекеттік қызметшілерге «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 65-бабының жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкес келмеу себептері, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі түсіндірілді.

Аталған бағыттағы жұмыс аудан прокуратурасымен жалғастырылуда.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1013760?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version