Тасқынға қарсы шараларға қатысқан полицейлер, курсанттар мен әскерилер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны кезінде ең алғашқы болып халыққа көмекке келген СҚО полициясының жеке құрамын, Ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін — ержүрек азаматтарды марапаттады. Ерлік, табандылық және жанқиярлық еңбегі үшін оларға медальдар, төсбелгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

“Олар тәулік бойы, қиын жағдайда бөгеттерді бекітіп, адамдарды эвакуациялап, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Халықты қорғауға қосқан үлестері — баға жетпес. Әрқайсыңызға антына адалдық пен Отанға деген жанқиярлық үшін алғысымды білдіремін!”, – деп жазды өңір басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1013522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version