Уәлиханов ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 9 маусым күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін дене шынықтыру-сауықтыру кешені аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Уәлиханов аудандық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуі жоспарлануда.

Оқу-жаттығудың мақсаты – құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың шартты террористік актінің жолын кесу және төтенше жағдайларға жедел ден қою бойынша практикалық дағдыларын пысықтау. Оқу-жаттығу барысында Молдағұлова, Уәлиханов, Мәліков көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Аудан қонақтары мен тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және расталмаған ақпарат таратпауды сұраймыз.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1013922?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version