«Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кері қайтару көрсеткіштері және отбасыларды қолдау туралы ТМД елдері арасындағы келісім» тақырыбында техникалық сабақ өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 09 маусымында «Qosyl» платформасы арқылы онлайн режиімінде «Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының БЭК, фронт-офис (жалпы 26 қызметкер) қызметкерлерінің қатысуымен «Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кері қайтару көрсеткіштері және отбасыларды қолдау жөніндегі ТМД елдері арасындағы келісім»  тақырыптарында техникалық сабақ өтті.

Техникалық сабақ барысында №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Г. Чуйкеева Зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кері қайтару көрсеткіштеріне талдау жасап және нәтижелері туралы баяндама жасады, кері қайтарудың негізгі себептері талқыланды.

Сонымен қатар, №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Г. Чуйкеева  зейнетақы және жәрдемақылар тағайындау кезінде туындайтын отбасыларды қолдау жөніндегі ТМД елдері арасындағы келісімнің негізгі талаптары бойынша түсініктеме берді және Мемлекеттік корпорация мамандары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жағдай туғызатын мән-жайларды болдырмау қажет екені ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1014152?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version