Ішек ауруларына: іш сүзегі, паратиф, дизентерия, тырысқақ жатады. Бұл аурулардың белгілері әртүрлі: дизентерия мен тырысқақта іш өту, іш сүзегінде дене қызуының көтерілуі тән.
Аурудың көзі – науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы, атап айтқанда жеңіл немесе мүлдем ауру белгілері жоқ, сондай-ақ бактерия тасымалдаушы – осы аурудан айыққанымен қозырғышты сыртқы ортаға нәжіспен, құсумен, кейде зәрімен шығаратын адам. Гигиеналық ережелерді сақтамаған жағдайда лас қолмен микробтарды тұрмыстық заттарға, сүлгілерге, ойыншықтарға тасымалдайды немесе лас қолдағы микробтар тамақ өнімдеріне түседі.
Ішек инфекцияларының таралуында қоқыс үйінділері мен дәретханалардан тұрғын үйлерге ұшатын шыбындар маңызды рөл атқарады. Олар аяғы мен денесіне микробтарды жапсырып алып тамақтарға жұқтырады.
Ішек ауруларының таралуының маңызды факторларының бірі науқас және бактерия тасымалдаушы бөлінділерімен ластанған су болып табылады.
Көбінесе жаңбырмен және еріген су ағындарымен топырақтан шайылған қалдықтар ашық су қоймаларын ластайды. Сондықтан ауруды су айдындарында жүзу кезінде жұқтыруыңыз мүмкін. Сондай-ақ құдық маңында дәретхана орналасып, сазды балшықтан айналасы тығыздалмаған жағдайда құдықтағы ауыз су арқылы жұқтыруға болады.
Ішек ауруларымен ауырмау үшін келесі ережелерді сақтаңыз:
– Қолдың тазалығына мән беріңіз. Тамақты дайындамас бұрын, нәрестені тамақтандыру алдында және дәретханаға әр барғаннан кейін қолды сабынмен жууды ұмытпаңыз.
– Көкөністерді, жидектерді және жемістерді ағынды сумен жақсылап жуып, қайнаған сумен шайғаннан кейін ғана жеу керек.
-Пәтеріңізді және жалпы аумақтарды таза ұстаңыз.
– Азық-түлік өнімдерін шыбындардан қорғаңыз, тамақты ашық қалдырмаңыз, кір ыдыстарды дереу алып тастаңыз және жуыңыз.
– Алдын ала термиялық өңдеусіз пайдаланатын тамақ өнімдерін ластанудан сақтаңыз: қаймақ, сүзбе, ірімшік және т.б.
– Кездейсоқ су көздерінен суды ішуге немесе ыдыс жууға пайдаланбаңыз.
– Арнайы бөлінген жағажайларда шомылу керек.
Кез келген ішек ауруларының алғашқы белгілері пайда болғанда дереу емханаға хабарласуыңыз қажет.
Өз денсаулығыңызды күтіңіз !
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/press/news/details/1014663?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау