«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы
1 тамыздағы № 211 бұйрығына негізінде Қызылжарма ауылдық округіндегі құрамдас бөліктерге атау беру мақсатында көше тұрғындарының қатысуымен өткен жиынның
ХАТТАМАСЫ
Қызылжарма ауылдық округі 30 мамыр 2025 жыл
Сағ: 12-00
Жиналыс төрағасы: Ш, Әбдірахманов – Қызылжарма ауылдық округінің әкімі.
Жиналыс хатшысы: Ж.Бекетаева – жетекші маман.
Жиналысқа қатысқандар: Қоғамдық кеңес төрайымы, мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылжарма ауылдық округінің тұрғындары.
Барлығы – 35 адам.
Күн тәртібінде:
- Қызылжарма ауылдық округіндегі шартты атаудағы №29, Қызылжарма – 3 т/а, атаусыз көше, №34, №33, Қызылжарма – 3 т/а, атаусыз көше, №20, №31, №28, №16 көше және идеологиялық тұрғыдан атау беру туралы.
- Пікір алмасу.
Тыңдалды:
Жиналысты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Ш. Әбдірахманов ашып, күн тәртібінде талқыланатын мәселемен таныстырды.
- Ш. Әбдірахманов – Қызылжарма ауылдық округінің әкімі: Бүгінгі жиынның күн тәртібінде «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығының талаптарын сақтай отырып, Қызылжарма ауылдық округіндегі құрамдас бөліктерге атау беру мақсатында халықтың пікірлерін ескере отырып ауылымыздағы көшелерге атау беру және қайта атау туралы жеке тұлғалардан келіп түскен ұсынысты төмендегідей мәлімдеді:
- №29 атаусыз көшесін – Медетбай Базарбаев есімімен;
- Қызылжарма-3 тұрғын ауданы, атаусыз көшені – Бекмағанбет Бейісбаев есімімен;
- №34 атаусыз көшесін – Убайдулла Есжанов есімімен;
- №33 атаусыз көшесін – Ермағанбет Баймағанбетов есімімен;
- Қызылжарма-3 тұрғын ауданы, атаусыз көшені – Оразалы Тулебаев есімімен;
- №20 атаусыз көшесін – Сарсембай Анкаков есімімен;
- №31 атаусыз көшесін – Нұрқаш Досжанов есімімен;
- №28 атаусыз көшесін – Шәкірбек Қожамқұлов есімімен;
- №16 атаусыз көшесін – Өтеубай Ордабаев есімі атауларымен қайта атау және атау беру туралы ұсынысын айтты.
Қызылжарма ауылдық округінің тұрғындары жоғарыда ұсынылған көшелердің атаулары мен тұлғалардың еңбек жолдарымен танысып жаңадан атау беруге келіп түскен ұсыныстарға толықтай келісетіндігі туралы бір ауыздан шешім етті.
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Қоғамдық кеңес жиналысына қатысқан тұрғындардың пікірін талқылай келе құрамдас бөліктерге атау беру барысында ұсынылған тұлғалар атауларына қолдау білдіре отырып, тиісті заңдылықтарға сәйкес қажетті құжаттары дайындалып, Қызылорда қалалсы әкімдігі жанындағы ономастикакалық жұмысшы тобының қарауына ұсынылсын:
- Осы хаттаманың орындалуы ауыл әкімі Ш. Әбдірахманов сұралсын.
Жиналыс төрағасы Ш. Әбдірахманов
Хатшы Ж. Бекетаева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-qyzylzharma-district/press/news/details/1014549?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау