«Ашық есік күні»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 10 маусымында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шараға департаменттің №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Оразалина «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы филиалының Райымбек ауданы бөлімшесінің өкілдерімен бірлесе отырып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпаратттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Іс-шара барысында аудан халықы тарапынан қойылған барлық сұрақтарға спикерлермен жан-жақты жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1014823?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version