Полиция «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда.
Республикалық «Қарасора – 2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Астана қаласының ПД жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп 47 жастағы ер адамды ұстады. Оның пәтерінен 2 килограмнан астам есірткі жасырылған қоймалар табылды.
Тінту барысында:
- электронды таразы;
- 87 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро және 3,5 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша табылды.
Тергеу барысында ер адамның есірткіні сатып алушылармен жеке кездесіп, қолма-қол түрде сатқандығы және төлемді тек қолма-қол қабылдағаны анықталды.
– «Сараптама бұл есірткі затының гашиш екенін көрсетті, бұл қылмыстық әрекеттің ауқымын дәлелдейді. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде», – деді Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Рустам Гасизов.
«Қарасора – 2025» іс-шарасы жалғасуда. Ішкі істер органдары есірткі заттарын жеткізу мен таратудың, соның ішінде интернет-платформалар мен курьерлік схемалар арқылы жүретін жолдарын жабуға бағытталған.
Астана қалалық Полиция департаменті еске салады: есірткінің заңсыз айналымы – заң алдында ауыр жауапкершілікке алып келетін қылмыс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1014667?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау