Алдымен, Алға қаласының Лиман шағын ауданында жаңадан салынып жатқан электр бағаналарының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Одан бөлек, қалада орналасқан екі қабатты үйлердің сыртқы абаттандыру жұмыстарының жұмысын бақылады.
Қаланың кіреберіс аумағында орналасқан 6 екіқабатты үйдің сыртқы көрінісі өзінің келбетін жоғалтып, әбден ескірген болатын. Соған сәйкес, үйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары қолға алынып, сырты заман талабына сай қапталып, төбедегі шатырлары, дәліздегі есіктері ауыстырылуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1014932?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау