ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы А. Кусатаеваның ұсынысымен Департаменттің барлық қызметкерлері ерікті түрде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқытудан өтті.
Өмірде кездесетін түрлі жағдайларда жедел және сапалы медициналық көмек көрсетудің негізгі бағыттары бойынша әрбір қызметкер өте маңызды мағлұматтарды меңгерді. Қызметкерлер басшы тарапынан болған ұсынысты қуана қабылдап, бұл оқытудың өте тиімді болғанын атап өтіп, ұйымдастырған басшылыққа өз алғыстарын білдіруде.
Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту Шығыс Қазақстан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының симуляциялық орталығында өткізілді.
Оқытуды АНА бойынша халықаралық жаттықтырушы , жедел медициналық жәрдем дәрігері Чеусов Дмитрий Сергеевич жүргізді. Оқытудың жоспарына сәйкес қызметкерлер ересектер мен балалардағы негізгі және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы, тахикардия және брадикардиямен ауыратын науқастармен жұмыс, жүйелік тәсіл және т.б. тақырыптар бойынша теориялық білім алды.
Сонымен қатар әрбір қызметкер алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша меңгерген дағдыларын практикалық түрде орындады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/1014911?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау