«Елімнің рәміздері-тәуелсіздіктің белгілері» атты тәрбие сағаты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 маусым күні Бастаушы ауылдық кітапханасында 4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай «Елімнің рәміздері-тәуелсіздіктің белгілері» атты тәрбие сағаты ҚР әнұранымен ашылды. Тәрбие сағатына бастауыш сынып оқушылары қатысты. Сабақтың мақсаты: оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жасөспірімдерді тәрбиелеу. Сондықтан сіздер балалар бір-бірінді татулыққа, достыққа шакырайық. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Балалар сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1012743?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version