Еңбекті қорғау және жұмыскерлерді міндетті сақтандыру мәселелері бойынша жиналыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

               Павлодар қаласында Павлодар облысы бойынша Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитеті департаментінің, қалалық прокуратура мен Мемлекеттік кірістер басқармасының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті.

               Іс-шараға өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңес барысында еңбек заңнамасының сақталуы, оның ішінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру талаптарының орындалуы мәселелері талқыланды.

               Қатысушыларға заңнама талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілік шаралары еске салынды, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі саласындағы жүйелі профилактикалық жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

               Мұндай кездесулерді өткізу өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге және жұмыскерлердің құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1014796?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version