Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай “Жартылай марафон” – челендж акциясы өтті.
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған “Жартылай марафон” – челлендж акциясына мәслихат қызметкерлері белсене қатысты. Қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында орталық алаңға дейін жүгіріп өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткіге қарсы күресте қоғамның белсенділігін арттыру және жастарды спортқа баулу арқылы зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1014450?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау