Казаков Станислав Владимирович

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Казаков Станислав Владимирович медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, эпидемиология және биоқауіпсіздік саласындағы маман. 1961 жылы 11 мамырда Бийск, Алтай өлкесінде (РФ) дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитариялық-гигиеналық факультетін тәмамдаған.

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында, оның ішінде аса қауіпті инфекцияларға қарсы күрес ісінде 40 жылдан астам тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасының шекаралары мен аумағын аса қауіпті инфекциялардың әкелінуінен және таралуынан санитариялық қорғау жүйесін әзірлеуге және іске асыруға қатысушы, Қазақстандағы КҚГҚ-ның алғашқы профилактика бағдарламасының авторы.

Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығында, Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында басшылық қызметтерді атқарды, сондай-ақ ДДҰ мен ШЫҰ халықаралық жобаларына қатысты. 2019 жылдан бастап – ҚР ДСМ М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының биостатистика және цифрландыру басқармасының бастығы.

3 монографияны қоса алғанда, отандық және шетелдік басылымдарда 170-тен астам ғылыми жұмыстардың авторы және бірлескен авторы. 

«Халық алғысы» медальімен (2021), «Еңбек ардагері» медалімен (2024), «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгілерімен (2005, 2012), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1014343?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version