Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 маусымда Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторовичтің төрағалығымен сегізінші шақырылған Денисов аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өткізілді, сессияда мынадай мәселе қаралды:

Денисов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 78 «Денисов ауданы ауылдарының  және  ауылдық  округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Денисов ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының бюджеттеріне енгізілетін өзгерістер туралы мәселе бойынша «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Подело Елена Николаевна тыңдалды, ол ауданның ауылдық округтері мен ауылдарының бюджеттеріне ұсынылатын өзгерістер туралы түсіндірді

Мәслихатының депутаттары тиісті шешімдер қабылдауға дауыс берді.

Кезектен тыс сессия отырысының трансляция жазбасы Денисов аудандық мәслихатының Facebook парақшасында орналастырылған.

https://www.facebook.com/share/v/16iyEv3mcs/ 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/press/news/details/1014629?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version