Медетов Жұмағұл Бекенбайұлы – санитариялық-эпидемиологиялық қызметте 40 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігер-эпидемиолог. 1955 жылы 5 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Алтын төбе ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Санитария, гигиена, эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінде түрлі басшылық лауазымдарда, оның ішінде санитариялық қадағалау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің бас дәрігері және басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2019 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық сараптама орталығының аса қауіпті инфекцияларды зоологиялық қадағалау бөлімін басқарды.
Көптеген мемлекеттік және салалық наградалармен, оның ішінде «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атағымен марапатталған (2022).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1014697?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау