ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және облыстық басқармалар мен қалалар мен аудандар әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес ШҚО, «Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Талдау жұмыстарын 2025 жылғы 23 маусымнан жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша жүргізеді:
* нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау,
* «Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1014834?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау