Осындай ұранмен 2025 жылғы 4 маусымда Қарабалық кентінің орталық алаңында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті, оны өткізу шеңберінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезгілде орындау» акциясы өтті. Осы күн бір сағатта Қарабалық ауданының тұрғындары бүкіл елмен бірге мемлекеттің басты әні – ҚР Әнұранын орындады. Алаңға жиналған жұртшылықты Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Темірлан Ербосынұлы Ахметов мерекемен құттықтап, сондай – ақ ҚР азаматының жеке куәліктерін, Мемлекеттік рәміздер атрибутикасымен естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табыстады және «Отанды сүю-жүректен» бейне байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Іс шара «Көк байрағың желбіреген» әнімен аяқталды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1014826?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау