Праздничное мероприятие для детей с инвалидностью в честь Международного дня защиты детей

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүгедектігі бар балаларға арналған мерекелік шара

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүгедектігі бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Бұл күн жыл сайын қоғамға әрбір баланың құқықтарын сақтау мен қорғаудың, олардың толыққанды дамуына және бақытты балалық шағына жағдай жасаудың маңыздылығын еске салады.

Іс-шара «Parasat» банкет залында өтті. Балаларға арналған мерекелік бағдарлама әзірленді, оған салтанатты түскі ас, концерттік қойылымдар, аниматорлар қатысқан қызықты нөмірлер мен жануарлар шоуы енді. Іс-шара соңында балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шараның басты мақсаты – мүгедектігі бар балалар мен олардың ата-аналарын қолдау, оларға деген қамқорлық пен назардың маңыздылығын атап өту, сондай-ақ инклюзивті қоғамның дамуына өз үлесін қосу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzsp/press/news/details/1014393?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version