Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің ұжымы Медицина қызметкерлері күні қарсаңында әріптесі – Жиенқұлова Дариға Смағұлқызын құттықтайды!
Дариға Смағұлқызы 1950 жылы 18 қаңтарда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданында дүниеге келген. 1968-1974 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтында “гигиена, санитария, эпидемиология” мамандығы бойынша оқыған.
Институтты бітіргеннен кейін Егіндібұлақ аудандық СЭС-те санитариялық дәрігер болып жұмыс істеді. 1986 жылы Шахтинск қаласының СЭС-на санитариялық дәрігер болып қабылданып, онда 25 жыл еңбек етті. Адал еңбегі, медицина ісіне қосқан зор үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрінің көптеген мадақтаулары мен алғыстарына ие болды.
Дариға Смағұлқызы – жеті баланы тәрбиелеп өсірген, «Алтын алқамен» марапатталған көп балалы ана. Қазір ол кісі 25 немеренің және 4 шөберенің асыл әжесі. Дариға Смағұлқызы – отбасы мен махаббаттың өмірдің мәні екенін, оны өмір бойы бағалау керектігін өз үлгісімен көрсете білген, дана әйел.
Құрметті Дариға Смағұлқызы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне қосқан зор үлесіңіз, адал және жемісті еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз.
Сізге зор денсаулық, ашық аспан, балалар, немерелер мен шөберелеріңіздің ортасында әдемі қартайып, ұзақ өмір сүруіңізді тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1014644?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау