ҚҰРМЕТ: Гран-при иегерін жеңісімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқаудың бірі әрі бірегейі – «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі. Бұл фестиваль әрбір баланың даралығын, шығармашылық қабілетін танытып, өнер мен талантын бағалауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына да жол ашты. 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестиваль талай ерекше баланың үмітін оятып, болашаққа сеніммен қарауына себепші болды. Биылғы мерейтойлық фестиваль аясында республика бойынша 100 мыңнан астам қазақстандық ерекше балалардың өнері сарапқа салынып, дауыс берілді. Нәтижесінде Абай орта мектебінің оқушысы Інжу Тілеужан хореография аталымы бойынша халық ықыласына бөленіп, байқаудың гран-при иегері атанды. Талантты оқушыға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды. Осы орайда, бүгін аудан әкімі Гран-при иегері Інжу Тілеужанды жеке қабылдап, құрмет көрсетті.

– Ауданымыздың атағын республика көлемінде танытқан жеңісін құтты болсын. Біз сенімен мақтанамыз. Алдағы алар асуларың, бағындырар биіктерің көп болсын, – дей келе, Алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды. Кездесу барысында анасы Гүлназ Жұмасаева қызының тәрбиесіне, оқу үлгеріміне баса назар аударатынын, оның би билеуге қызығушылығы жоғары екенін айтып, білім алуына қолайлы жағдай жасап беріп отырған мектеп басшылығына алғысын білдірді. Өз кезегінде Абай орта мектебінің директоры Жанатбек Тұрғымбаев, талантты оқушының ұстазы Роза Саржанова сөз алып, ризашылықтарын жеткізді.

Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1014399?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version