САРЫАҒАШ: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы жұмыс сапары барысында инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын саралап, ауылдық округ аумағын жаяу аралады.
 
Алдымен Жылға, Нұрауыл, Ферма №3 және Шайхана елді мекендерінде табиғи газбен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралап, бойынша мердігер мекеме өкіліне және тиісті бөлім басшысына құрылыс жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды.
 
Мердігер «Ремстрой» мекемесі тарапынан Жылға, Нұрауыл, Ферма №3 елді мекендерін көгілдір отынмен қамту мақсатында құбырлары тартылып, орнатылуда. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, сегіз мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады. Шайхана елді мекенін табиғи газбен қамту жұмыстарын мердігер мекеме «Ынтымақ ОК» тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс яқталған соң 300-ден астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылады.
 
Келесі кезекте аудан әкімі Шеңгелді елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілімен кездесіп,құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтауды, жоба аяқталған соң бұған қатысты мәселе туындамау қажет екенін ескертті.
Жоба бойынша электр желісін жаңарту, трансформатор қондырғысын орнату жұмыстары қарастырылған.Бүгінде құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалып, 308 тұрғын үй, 2 діни және 5 әлеуметтік нысанды сапалы электр желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1014943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version