САРЫАҒАШ: ШАЙХАНА  ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы іссапарымен барып, Шайхана  елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның  құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты.

 

 

– Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы басты назарда. Нысан құрылысы аяқталған соң тұрғындар орталыққа бармай-ақ, алғашқы медициналық көмекті осы медициналық мекемеден алатын болады. Сондықтан ауылдық округ әкімі және мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы жүргізуді, қажетті құрал-жабдықтардың сапасына аса мән беріп, сапалы құралдар және техникамен жабдықтау қажет,- деді аудан әкімі.

 

 

Дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары  «STANDARD SAMPLE » тарапынан  жүргізілуде. Қазіргі таңда,  нысанның іргетасы құйылып, кірпіш қалау және шатырын жабу жұмыстары жүргізілуде.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1014939?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version