Ағымдағы жылдың 30 мамырында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу монументінде, «Өлмейміз» әнімен ашылған, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті.
Жиналған жұртшылыққа аудандық мәслихат төрағасы Г. С. Балбаева және қуғын — сүргінге ұшырағандардың ұрпағы-В. А. Гардер құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар тарихи жадыны сақтаудың және әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің мәнділігін, сондай-ақ Қазақстанның барлық халықтарының ұлтаралық келісімі мен бірлігін нығайту үшін осы күннің маңыздылығын атап өтті. Қуғын-сүргін жылдарында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Митинг «Өмір» триосы орындаған «Қазақстан» әнімен аяқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1012863?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау