Семей қаласынан депутаттар делегациясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодарға Семей қаласынан депутаттар делегациясы келді.

⠀Кездесудің мақсаты – қалалық ортаны дамыту, көгалдандыру, цифрландыру және кондоминиум нысандарын басқарумен байланысты өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу болды.

⠀Сапар барысында екі қаланың өкілдері тұрғындардың тыныс-тіршілігін, өмір сүру сапасын жақсартуға және жайлы қалалық ортаны құруға ықпал ететін бірқатар негізгі жұмыс бағыттарын талқылады.

⠀Семей қаласының депутаттарын Павлодарда жасыл желектерді сақтап қалу үшін қандай технологиялар мен тәсілдер қолданылатыны, қалай жүйелі күтім ұйымдастырылатыны және қандай ағаш түрлері өңірдің климаттық жағдайына неғұрлым төзімді екені қызықтырды.

⠀Тәжірибе алмасу барысында Павлодарлық мамандардың бөліскен маңызды жаңалықтарының бірі – ағаштарды цифрландыру – қаланың жасыл желектерінің цифрлық картасын жасау жұмыстары болды.

⠀Сондай-ақ, саябақтар мен гүлзарларды жаңартудан бастап көше инфрақұрылымының жаңа элементтерін орнатуға дейін кешенді абаттандыру мәселелері талқыланды.

⠀Жалпы, Семей қаласынан келген депутаттардың сапары өңіраралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1014300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version