Шайсұлтан Кенжебек Шайсұлтанұлы – медицина ғылымдарының докторы, құрметті профессор, санитария, гигиена және эпидемиология саласындағы 200-ге жуық ғылыми жарияланымдардың авторы. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінде 40 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
Жұмыс барысында негізгі басшы лауазымдарды атқарды: Көкшетау облысы Қызылту ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Көкшетау облыстық СЭҚ эпидемиологиялық бөлімшесінің басшысы, ҚР ДСМ МСЭҚ департаментінің басқарма бастығы және директоры, көліктегі МСЭҚ орталық департаментінің директоры, Ақмола облысы бойынша МСЭҚ комитеті департаментінің директоры, Ақмола облысы бойынша “Ұлттық денсаулық сақтау палатасы” филиалының директоры, Ақмола облысы бойынша МСЭҚ Орталық департаментінің директоры, Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық аудиторларының республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы.
Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін “Халықтар Достығы” орденімен, “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі” және “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгілерімен, “Еңбек ардагері” медалімен және “Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1014348?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау