Ақтөбе облысында жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Осы мақсатта әр ауданында арнайы мониторингтік топ құрылған.
Аталған топтың мүшелері Шалқар ауданындағы бірқатар сауда нүктелерін аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларымен танысты.
Тексеру нәтижесінде күнделікті тұтынылатын негізгі азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсу деректері анықталған жоқ.
Мониторингтің мақсаты бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Рейдтік шаралар барысында сөрелерге “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” ҚР Заңының 24-бабына сәйкес баға белгілерін орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтеру жағдайлары тіркелген жоқ.
Кәсіпкерлерге халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетудің маңыздылығы ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kasipkerlik/press/news/details/1014836?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау