Сөйлеу этикеті» клубының ашылуы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     

Ағымдағы жылғы маусымның бесі Солтүстік Қазақстан облысында  басшылық қызметтегі тұлғалар мен көшбасшылыққа ұмтылатын жандарға арналған «Сөйлеу этикеті» клубының ашылуы өтті. Тілдерді оқыту  орталығы ұйымдастырған шара С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өтті.  

Клубтың ашылуына облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірейісов қатысып, жобаның маңыздылығын атап,  клубтың жұмысына сәттілік тіледі.  Клубтың мақсаты: қазақ тілін еркін меңгеруге ұмтылатын басшылардың тілдік қабілеттерін дамыту, ресми және бейресми жағдайда сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,  сөздік қорын байыту, көпшілік алдында сенімді, әрі әсерлі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/1014710?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version