ЖАСЫРЫН ПАТРУЛЬДЕУ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ЖОЛДАРДА ЖАСЫРЫН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ІСКЕ ҚОСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысының полицейлері, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды болдырмау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Цифрлық трансформация аясында және жол қауіпсіздігін бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында, өңірде «EkinPatrol X Spotter Mobile» атты интеллектуалды фото және бейнебақылау кешенімен жабдықталған жасырын патрульдеу форматы енгізілді.

Қазіргі уақытта, облыс жолдарында ешқандай айырым белгілері жоқ арнайы қызметтік көліктер қозғалыста. Олар заманауи бейнебақылау және аналитикалық жүйелермен жабдықталған. Бұл жүйелер нақты уақыт режимінде келесі құқық бұзушылықтарды тіркей алады: жылдамдықты арттыру, тұтас сызықты кесіп өту және қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белбеуін тақпау, жалған, көрінбейтін немесе оқуға келмейтін нөмірлік белгілерді қолдану, іздестіруде жүрген көліктерді анықтау.

«EkinPatrol X Spotter Mobile» кешені жолда қозғалыс кезінде жұмыс істей алады, яғни көлікті тоқтатпай-ақ құқық бұзушылықты тіркейді. Анықталған материалдар автоматты түрде жедел әрекет ету орталықтарына жолданып, заң бұзушыларға қатысты шаралар қабылданады. Бұл жүйе адами факторды болдырмай, құқық бұзушылықтарды әділ және дәл тіркеуге мүмкіндік береді.

– Біздің мақсат – тек заң бұзушылықтарды анықтау емес, ең бастысы – адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттердің алдын алу. Жасырын патруль – бұл жазалау құралы емес, адамдарды заңды сақтауға ынталандыратын қауіпсіздік тетігі. Жолда баршаға қауіп төндіретін жүргізушілердің әрекеттерінің алдын алу – басты міндетіміз. Жаңа технологиялардың көлік жүргізушілерін тәртіпке шақыратынына сенеміз, – деп атап өтті полиция өкілдері.

Полицияның мәліметінше, өңірде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол ережесін қасақана елемейтін жүргізушілердің кінәсінен болады. Бұл әсіресе, трассаларда және көріну шектеулі жол учаскелерінде жиі тіркеледі. Сондықтан жаңа буындағы интеллектуалды патрульдер жүйесін енгізу – жолдағы қайғылы оқиғалармен күрестегі маңызды қадам болып саналады.

Алматы облысының полицейлері барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Өйткені жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1014634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version