2025 жылғы 29 сәуірде Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – ұлттық сананың қайта жандануына жол» тақырыбындағы аймақтық әдістемелік семинар-тренинг өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅   Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру.

⚜️   Міндеттері:

         -латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндіру;

-ұлттық сана мен рухани жаңғырудың байланысын ашып көрсету;

-жаңа әліпбиді меңгеруге ынталандыру.

  🔰  Семинарда Қазақ тілі оқытушылары халықаралық қауымдастығының Қарағанды қаласындағы өкілдігінің басшысы, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м. Жақан Жұпар Рысқұлқызы тұшымды баяндама жасаса, Ресурстық тіл орталығының әдіскері Рымғалиева Ақбота Бақтығалиқызы қатысушыларға латын қарпінде оқуға және жазуға дағдыландыруға бағытталған бірнеше тапсырмаларды орындатты. 

  🟣  Әліпбидегі әріптердің дыбысталуы мен жазылуына байланысты мысалдар келтіріліп, интерактивті тапсырмалар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🔴   Шара барысында қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, латын әліпбиін меңгеру дағдыларын жетілдірді, латын графикасына қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.                                        🟠 Сұрақтар жаңа әліпбидің ерекшеліктері, емле ережелері, жазу дағдылары, сондай-ақ латын графикасын білім беру, құжат айналымы және күнделікті өмірде қолдану мәселелеріне қатысты болды.

 🟣  Жұпар Рысқұлқызы қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауап беріп, әр қатысушының сұрағына жеке көңіл бөлді.     

  🟧 Сонымен қатар, қатысушыларға латын графикасын үйренуге арналған әдістемелік құралдар мен интернет-ресурстар ұсынылды.

🟩   Бұл сұхбаттасу семинардың мазмұнын тереңдете түсті, әрі қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

 🟦   Аталған іс-шараға Ұлытау облыстық тілдерді дамыту орталығының директоры, Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, тіл жанашырлары мен студенттер қатысты.

  🔴 Семинар соңында «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының директоры Ақгүл Хамитқызы Ошағанова баяндамашы Жақан Жұпар Рысқұлқызы мен Рымғалиева Ақбота Бақтығалиқызына Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы атынан Алғысхаттарды табыс етті.

  🔵  Сонымен бірге «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы атынан барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1015718?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version