5 маусым күні Зайсан қаласының аудандық мәдениет үйінде «Art-Zaysan» өнер орталығының бір жылдық шығармашылық жетістіктерін паш еткен есеп беру концерті өтті. Бұл кеш – өнердің сиқырлы әлеміне сапар, шабыт пен еңбектің, шеберлік пен таланттың жарқын көрінісі болды.
126-дан астам дарынды балалар өз өнерлерін көрермен назарына ұсынып, рухани азық сыйлады. Кештің әр сәті жүректерге жылы лебіз боп жетіп, өнерге деген шексіз сүйіспеншіліктің, табандылық пен шығармашылықтың жемісі екенін дәлелдеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1015504?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау