Ашық есік күні акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 маусым күні Азаматтарды қабылдау орталығында “Жеңіс” БҚО мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне қолжетімді және сапалы құқықтық көмек көрсету мақсатында “Ашық есік күні” акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға бірқатар сала мамандары қатысты: Әділет департаментінің басшысы А. Тасыбаева, адвокат С.Темирбаева, жеке сот орындаушы Ищанова А., Отбасы Банк БҚО филалының қызметкерлері.
Акция барысында бірлестік мүшелері тұрғын үй мәселелері, мұрагерлік құқық туралы, денсаулық сақтау мәселелері және басқа да әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мамандарға тікелей жүгініп, толыққанды жауаптар мен кеңестер алды.
Мұндай форматтағы іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғындарға өз құқықтары мен мүмкіндіктері жайлы ақпарат алуына үлкен мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1015652?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version