Аудан басшысы Асланбек Шуиншалиев Алға қаласында салынып жатқан қосымша су резервуарының құрылыс алаңында болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп жүрген таза ауыз су тапшылығы бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Қазіргі таңда, Алға қаласы, Бестамақ және Маржанбұлақ ауылдық округтерінде ауыз су тапшылығы сезілуде. Осыған байланысты су арнайы уақытша енгізілген кесте бойынша берілуде.

Бұл мәселенің басты себебі – тұрғындардың ауыз суды бау-бақша суаруға пайдалануынан туындауда.

Аталған түйткілді шешу мақсатында қосымша су сақтау резервуарларының құрылысы қолға алынып, су жүйесін жаңғырту мен инфрақұрылымды жақсарту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда.

Осы орайда, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, мердігерге жұмысты сапалы аяқтау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1015015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version