Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының № 7 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаты Сәуле Сұрағанова Жамбыл аудандық мәслихатының 31-ші сессиясына қатысып, онда 2024 жылғы жергілікті бюджеттердің атқарылуына қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бауыржан Молдағалиев сөз сөйледі. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының Жамбыл ауданының 2024 жылғы жергілікті бюджеттерінің атқарылуы туралы есебі бойынша ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Тұрсынов, сондай-ақ мәслихаттың экономика, экология, бюджет, салық және қаржы салалары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жанна Бекенова хабардар етті.
Сессия қорытындысы бойынша депутаттар 2024 жылғы 13 ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есептерді қарады және бекітті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/1015223?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау